S әрпі тәріздес омыртқа: Ақсай емханасында сколиоздың ауыр түрін түзету үшін күрделі операция жасалды
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ақсай университетінің клиникасында сколиозды түзету бойынша бірқатар операциялар жасалды. Науқастардың омыртқа деформациясы балалық шақта басталып, әдетте, патология жасөспірім шақта дами бастайды. Дененің күрт өсуі сколиоздың нашарлауын тудырады, бұл пациенттердің денсаулығының нашарлауына әкеледі.
Омыртқаның сколиотикалық деформациясы – бұл омыртқалардың әртүрлі бағытта ығысуымен көрінетін ауыр қисықтық. Бұл патология туа біткен немесе жүре пайда болуы ықтимал. Сонымен қатар, жүре пайда болған патология негізінен қыздарда анықталады. Омыртқаның және бүкіл адам денесінің жағдайы қисықтық дәрежесіне байланысты.
5 жылдан бері Ақсай университетінің клиникасына бұл диагнозбен еліміздің әр өңірінен балалар келіп жатыр. Дәл осы мекеме омыртқаны түзету бойынша күрделі операциялар жасауға мамандандырылған.
«Бұл операциялардың мәні омыртқаның деформациясын түзететін күрделі траспедикулярлық құрылымдарды орнату болып табылады. Яғни, омыртқаның денесіне бұрандалар орнатылады, ал кейбір жағдайларда біз омыртқа доғаларына және көлденең өснділерге ілмектерді орнатып, оларды металл штангамен бекітеміз, соның арқасында біз деформацияны түзетеміз. Айтып өткенімдей, бұл операциялар 5 жылдан бері жасалып келеді, емханамызда 70-ке жуық балаға көмек көрсетілді. Омыртқаның аса маңызды орган екенін, оның ішінде жұлын орналасқанын ескерсек, ауыр асқынулардың бірі – жұлынның зақымдануы. Бізде мұндай асқынулар орын алмады, бірақ әлі де белгілі бір тәуекелдер бар. Сондықтан біз бұл операцияларға өте мұқият дайындаламыз, доғалардың ені мен ұзындығына, дене өлшемдеріне, деформация дәрежесіне байланысты арнайы құрылымдарды таңдаймыз және деформацияны жою үшін сол немесе басқа дизайнды жеке таңдаймыз», – деді Ақсай университетінің клиникасының балалар ортопедиясы бөлімі бөлім басшысы Исамдун Харамов.
Сколиоз біртіндеп түзетілуі үшін оталар бірнеше кезең бойынша жасалады. Алматылық 12 жасар қызға хирургиялық араласудың бірінші кезеңінен өтті. Оған 6 жыл бұрын сколиоз диагнозы қойылған. Ата-анасы патологиямен хирургияның көмегінсіз жүзу, массаж және түзету белдіктері арқылы күресуге үміттенді, бірақ бұл әдістердің барлығы нәтиже бермеді. Ақсай университеті клиникасының балалар ортопедия бөлімінің меңгерушісі Исамдун Харамовтың қабылдауына қыз бала 40 градус қисықтықпен келген.
«Жасөспірімдік шақта күрт өсу басталған кезде 4-ші дәрежелі қатты қисықтық басталды, ол сколиоздың 5-ші дәрежесіне айналады. Физикалық жағынан денесі бұзылған, бала өзіндегі өзгерісті сезеді, бізде дене шынықтырудан босату болды, ол көп нәрсені жасай алмады, сондықтан бізге операция қажет болды. Осыдан бір ай бұрын майталман хирург Харамов Исамдун Каудуновичке жазылдық, ол бізді ота жасауға жіберді. Барлығы ойдағыдай өтті, Ақсай ауруханасына алғысымыз шексіз, рахмет», – дейді науқастың анасы Татьяна Бреусова.
Болашақта науқасқа операцияның тағы бірнеше кезеңі қажет болады және шамамен 16-17 жаста оның омыртқасы түзу болады. Тағы бір науқасқа операцияның соңғы кезеңі өтті. Олардың барлығы сәтті болды.
ҚазҰМУ Ақсай университетінің клиникасында мұндай операциялар 5 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде дәрігерлер елуден астам науқасқа жаңа салауатты өмір сыйлады. Дегенмен шеберліктің шегі болмайды. Қазірдің өзінде хирургтар осындай күрделі операцияларды жасауда хирургтар тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдап жүр. Егер бұрын бұл процедуралар 5-7 сағаттан астам орындалатын болса, қазір ұзаққа созылатын операция екі есе аз уақытты құрайды.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ақсай» университеттік клиникасы – Қазақстан Республикасындағы ең көне көпсалалы балалар емдеу-диагностикалық мекемелерінің бірі. Ауруханада әртүрлі патологиялары бар, соның ішінде урологиялық, жақ-бет, неврологиялық аурулары бар балалар емдеуді ұсынады. Бұл бірегей аурухана ең ауыр жағдайда және басқа емдеу мекемелері құзіреті жетпеген кезде, кейде науқастарды санитарлық авиациямен тасымалдауға мәжбүр болған балаларды қабылдайды. Сондай-ақ емханада халықтың әлеуметтік осал топтары, интернаттар мен балалар үйлерінің балалары ем алады. Елімізде мұндай емхананың баламасы жоқ.