Samitivej балалар ауруханасы жетекші мамандарының дәрісі
Құрметті интерн студенттері мен резиденттер!
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Сіздерді 2025 жылғы 24 қыркүйекте сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтетін дәріске қатысуға шақырады.
Өтетін орны: Алматы қ., Масанчи к-сі, 38, оқу корпусы №7, 2-қабат, 4-аудитория.
Іс-шара аясында Samitivej халықаралық балалар ауруханасының (Тайланд) жетекші мамандарының дәрістері ұсынылады:
- Surangkana Techapaitoon, M.D. – Samitivej ауруханалары мен Bangkok Hospital Sister Care бас директорының орынбасары, Samitivej халықаралық балалар ауруханасының директоры
Тақырыбы: «Samitivej халықаралық балалар ауруханасы — әрбір бала үшін дені сау болашақты қамтамасыз ету»
- Dr. Suradej Hongeng – Педиатриялық гематология және онкология маманы, Samitivej халықаралық балалар ауруханасы
Тақырыбы: «Келесі онжылдықтағы талассемия мен қан қатерлі ісігіне арналған озық жасушалық және гендік терапия»
Сондай-ақ, құттықтау сөзін Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігінің Елшілігінің миссия басшысының орынбасары, экономикалық бөлім басшысы ханым Оратай Пхубунлап Гунасилан жолдайды.
Сіздерді іс-шараға қатысуға шақырамыз және бұл дәрістер кәсіби білімді дамытуға әрі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қомақты үлес қосатынына сенімдіміз.