Академик Т.Ш.Шармановтың туғанына 95 жылдығына орай, «Салауатты тамақтану — жаңаша тамақтанудағы көзқарастар» ғылыми практикалық конференция
15 қазан 2025жылы академик Т.Ш.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасы ұйымдастыруымен, академик Т.Ш.Шармановтың туғанына 95 жылдығына орай, «Салауатты тамақтану — жаңаша тамақтанудағы көзқарастар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға өзара серіктестік пен ынтымақтастық аясында, азық-түлік өнімдерінің технологиясы мен білікті тағам мамандарын даярлайтын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі» өкілдері қатысты.
Конференцияда аты әлемге әйгілі, бүкілдүниежүзілік медицинаға атын алтын әріптермен ойып қалдырған академик Т.Ш.Шармановты 1минуттық үнсіздікпен еске алып, Фахрадиев И.Р. – Асфендияров ат. ҚазҰМУ ғылыми жобалар бойынша проректор, Қожекенова Ж.А. – Х.Досмұхамедов ат. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің деканы, Шайхова Г. И.– Ташкент мемлекеттік медицина университетінің «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторының (Ташкент қ., Өзбекістан -онлайн) алғысөзімен ашылды.
Конференцияға Қырғызстан, Өзбекстандық медицина саласының майталмандары мен академик Т.Ш.Шармановтың шәкірттері нутрициология саласындағы, қоғамдық денсаулық сақтаудағы ауыртпалық түсіріп отырған, заманауи тағам мәселелерін қызу талқыға салып, жас ғалымдар және студенттер өздерінің жаңаша көзқарастағы ғылыми ізденістерінің нәтижесімен бөлісті. Конференция соңында барлық қатысушылар атынан, академиктің қазақ халқының дастарханындағы нанды темірмен, тұзды йодпен байытудағы ерен еңбегінің көрінісі болған «Өмір өзегі» аллеясына гүл шоқтары қойылып, ұлы ұстазға шәкірттер атынан тағзым жасалды.