Аллергология және иммунология: жетістіктері мен болашағы
КЕАҚ «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» Б.Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтында «Аллергология және иммунология: жетістіктері мен болашағы» VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында оқыту семинары өтті.
Семинарда Life Sciences зерттеулеріндегі ағынды цитометрияның мүмкіндігі, үлгіні дайындау және ағынды цитометрия кезеңдері, сонымен қатар ағынды цитометрияны қолдану арқылы ауыр металл тұздарының әсер ету фонында қабыну кезіндегі Т реттегіш жасушалардың белсенділігін анықтау туралы сұрақтар қарастырылды.
Семинарға қатысқандар – ғылым бөлімінің меңгерушісі Смаилова Д.С., ғылым бөлімінің қызметкерлері, сонымен қатар Қазақ аграрлық университеттің Халықаралық вакцинология орталығының, жалпы иммунология, биохимия, патологиялық анатомия, фармакология, пульмонология, патологиялық физиология, гистология, қалыпты физиология кафедраларының өкілдері. Семинарға қатысқандар үлкен қызығушылық танытып, осы әдісті болашақ ғылыми жұмыстарында қолдануға ынтасын білдірді.
ҚазҰМУ-дың бүкіл профессорлық-оқытушылық құрамы жалпы ынтымақтастыққа және ағынды цитометрияны ұжымдық пайдалануға шақырылды.