Алматы қаласы полиция және ТЖД 1300 қызметкері ҚазҰМУ симуляциялық орталығында алғашқы көмек көрсету курстарынан өтті
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ симуляциялық орталығында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлерін тегін оқыту бойынша қайырымдылық акциясын аяқтады. Үш ай бойы тәртіп сақшылары мен құтқарушылар алғашқы көмек көрсету курстарынан өтті.
«Алтын сағат» алғашқы медициналық көмек мектебінің тренингтері ҚазҰМУ басқарма төрағасы-ректоры Марат Шорановтың бастамасымен ұйымдастырылды. Курстың мақсаты – қиын жағдайларда бірінші болып көмекке келгендердің дайындығын жақсарту. «Алтын сағат» ережесі – зардап шеккен адамның жағдайын тез тұрақтандыру және оның жағдайының нашарлауына жол бермеу, мүмкіндігінше жылдам және тиімді медициналық көмек көрсету, соның ішінде зардап шеккен адамға шұғыл көмек көрсету.
Статистика бойынша Алматы қаласы еліміздегі жол-көлік оқиғалары бойынша көш басында тұр. 2023 жылы Алматы қаласындағы ЖКО саны 1,9 мың жағдайды құрады (1897 адам жараланды, 51 адам қаза тапты). Алматы қаласы үшін тағы бір үлкен мәселе – самокаттар мен мопедтердің қатысуымен болған ЖКО санының өсуі. Әдетте, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге, техногендік апаттар немесе басқа да оқиғалар кезінде ТЖД мен полиция қызметкерлері көмекке бірінші болып келеді. Адамдардың өмірі олардың үйлесімді әрекеттеріне байланысты болуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмектің мақсаты – жаралағандарды құтқару, яғни оның өміріне төнген қауіпті азайту, одан әрі зақымдану мен ықтимал асқынулардың алдын алу. Алматыда болған қатты жер сілкінісі халыққа алғашқы шұғыл көмек көрсетуде білім мен дағдыларды жетілдіру қажеттілігін анықтады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халықтың сейсмикалық қауіпсіздігі сейсмикалық қызметтің сапасына ғана емес, сонымен қатар сейсмикалық білімнің жалпы деңгейіне және халықтың психологиялық дайындығына, оның ішінде алғашқы шұғыл көмек көрсетуне де байланысты.
Тренингті симуляциялық орталық пен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың қосымша және кәсіптік білім беру институтының қызметкерлері жүргізді. Бұл халықаралық ұйымдарда, атап айтқанда Израильде, АҚШ-та және Ресейде оқыған сертификатталған жаттықтырушылар. Олар үлкен клиникалық және оқытушылық тәжірибесі бар мамандар. Жалпы үш айда Алматы қаласы ТЖД және ПД 1300 қызметкері оқудан өтті. Тренингтің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.
Ағымдағы дайындық деңгейіне қарамастан, дәрігерге дейінгі көмек туралы білімді жылына кемінде бір рет жаңартып отыру қажет. Оқыту жүйелі негізде жүргізілуі тиіс. Осылайша, қосымша ресурстарды тартпай-ақ, алғашқы медициналық көмек сапасын және құтқарылған адамдардың санын арттыруға болады.