«Алматы қаласының 1000 жылдығында – 1000 мейірімді іс» проектінің төңірегінде «Біз темекіге қарсымыз» атты қалалық акция өткізілді
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің КазМСА студенттік ұйымы «Алматы қаласының 1000 жылдығында – 1000 мейірімді іс» проектінің төңірегінде «Біз темекіге қарсымыз» атты қалалық акция өткізді.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің КазМСА студенттік ұйымы «Алматы қаласының 1000 жылдығында – 1000 мейірімді іс» проектінің төңірегінде 2016 жылы, 4 ақпан күні «Спутник» Сауда Орталығында «Біз темекіге қарсымыз» атты қалалық акция өткізді.Акцияның негізгі мақсаты – қала тұрғындарына темекінің зиянын түсіндіріп, темекіні тұтынбауға шақыру.
Іс-шара 4 ақпан күні, сағат 17:00 де, «Спутник» Сауда Орталығында Айдын Рысбай басшылығындағы флешмобпен басталды. Қызығушылық танытқан қала тұрғындары және қонақтар акция өтіп жатқан алаңға жинала бастады. Флешмобтан кейін, өз кезегінде, КазМСА белсенділері тұрғындарға тыныс жаттығуларын үйретіп, түрлі дене шынықтыру ойындарын ойнатты. Сонымен қатар, іс-шара барысында КазМСА белсенділері қала тұрғындарының артериялық қан қысымын өлшеп, оларға медициналық насихаттар жүргізді. Ал тағы бір КазМСА белсенділер тобы балалармен ойындар ойнап, оларға темекінің зиянын түсіндірді. Акцияға қатысқан және тамашалап жатқан тұрғындардың қолдарына «Темекі жоқ» деген сүрет салынып, брошюралар таратылды. Бір топ белсенділер Алматы қаласының Салауатты Өмір Салтын сақтау орталығы тарапынан берілген темекінің ағзаға зияны туралы түрлі брошюраларды таратты. Қолдарында түрлі «Біз темекіге қарсымыз» деген плакаттарымен белсенді студенттер халықты акцияға шақырды.
Акциянын келесі жартысында «Аура» Салауатты Өмір Салтын сақтау орталығынан келген мамандар «Йога» мен айналысты. Сол уақытта КазМСА белсенділері жастармен дене шынықтыру ойындарын ойнап, салауатты Өмір Салтын сақтауға шақырды.
Акция флешмобпен өз соңына жетті. Өздеріне керекті мәліметті алған қала тұрғындары, Белоруссиядан келген қонақтар (АнтонинаДавыдич, ЕленаЛарионова) және Пәкістаннан келген қонақтар (Адитья Пранав, Кавита Шрея)Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне және КазМСА студенттік ұйымына өз ризашылығын айтып, алғысын білдірді. Сонымен қатар Белоруссиядан келген Антонина Давыдич Белоруссияда да КазМСА сияқты IFMSA студенттері бар екенін және олардың белсенділіктерін айта кетті. Балалар және жасөспірімдер студенттермен естелік суреттерге түсіп, қолдарына сүрет салдырып, «Темекіге қарсымыз!» деген сүреті бар шарларды өздермен ала кетті. Ең қызықтысы, Сабина Молдағалиева атты 5 жасты қыз «Мен темекі тартпаймын» деген бір шумақ өлең оқып берді.
Акция соңында, КазМСА – ҚазҰМУ Жергілікті Комитетінің ең белсенді студенттері естелік сүретке түсіп, барлығы бір ауыздан «Біз темекіге қарсымыз» деп ұран салды. Болашақтың денсаулығы қазіргі білім алып жатқан медицина студенттеріне тікелей байланысты. Яғни, КазМСА студенттері Салауатты Өмір Салтын қолдайды. Біз темекіге қарсымыз!!!
Өткізілген акцияда белсенділік танытқан барлық КазМСА студенттеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, Акцияны өткізуде өте көп көмегін тигізген ҚазҰМУ студенттерінің мәдени-әлеуметтік құзіреттілігін дамыту департаментінің директоры Л.С. Шыңғысбаев мырзаға, Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімінің бастығы Е.Т.Оразаевқа, бөлім маманы Б.К.Сұлтанбекке,«Аманат» студенттік кәсіп одағына, Алматы қаласы «Жас Отан ЖҚ» филиалына, «Спутник» Сауда Орталығына, Алматы қаласының Салауатты Өмір Салтын сақтау орталығына, Салауатты Тағамтану Орталығының меңгерушісі Кожахметова Айгуль Нагашбекқызына шексіз алғысымызды білдіреміз.