Алматыда жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатыр
Cтуденттерді жайлы жатақханамен қамту – білім беру саласындағы өткір проблема. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті тағы 2 жаңа жатақхана салып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Еліміздің ең көне медициналық университетінде бүгін 16 мыңға жуық студент білім алады. Оқу ордасында 3168 орындық 8 жатақхана бар. Университеттің басшылығы оқу жылының аяқталуына қарсы студенттер үйін аралап, санитарлық нормалардың орындалуы мен қауіпсіздік шараларының сақталуын тексеріп шықты.\