Алматыдағы ауруханада көздің қасаң қабығы ауыстырылды
Елімізде көздің қасаң қабығы бұзылған 1000 аса адам операция кезегінде тұр. «Жанары бұлыңғырлағандар саны жыл санап артып келеді», – дейді дәрігерлер. Адамдардың көру қабілетін қалпына келтіретін күрделі трансплантация Қазақ ұлттық медициналық университетінің клиникасында тұрақты жасалып келеді. Бүгінде 105 адамның көзінің қасаң қабығы ауыстырылған. Қымбат әрі донорды қажет ететін отаға қарапайым халық қалай қол жеткізе алады?
Көздің қасаң қабығын ауыстыру – аса күрделі операцияның бірі. Кез келген клиниканың қолынан келе бермейтін трансплантация Алматыдағы «Ақсай» ауруханасында жүргізіледі. Университеттік мекемеде кеше 4 науқасқа ота жасалды. Соның бірі – Нұрболат Әкімбаев. Оның бір көзін ақ басып, 2008 жылдан бері көрмей қалған.
Нұрболат Әкімбаев, Алматы облысының тұрғыны:
– Ары-бері дәрігерге көріндім. «Көзің жарамайды, алып тастаймыз, орнына протез саламыз»,- деді. Одан кейін осы жақында мына кісілерге хабарластым. Марат Смағұлұлына қабылдауына жазылдым, хабарластым «кел»,- деді.
https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/157382-almatydagy-aurukhanada-kozdin-kasan-kabygy-auystyryldy