Америка биоэтика және гуманитарлық ғылымдар қауымдастығының сарапшы мүшесі (АҚШ) Наталья Петровна Шок дәріс оқыды
20 наурызда шақырылған профессор, тарих ғылымдарының докторы, Public Policy Fellow (Уилсон орталығы, АҚШ), Америка биоэтика және гуманитарлық ғылымдар қауымдастығының сарапшы мүшесі (АҚШ) Наталья Петровна Шок Т. Шарманов атындағы даңқ залында «Медицина тарихы неге маңызды?» атты дәріс оқыды.
Өзінің дәрісінде профессор Шок Н.П. ғылымның жалпы тарихы мен философиясының бір бөлігі ретінде «Медицина тарихы» курсын оқытуға жүйелі көзқарас қажет екенін атап өтті. Медицина тарихы пәнаралық концепцияға негізделген. Ол болашақ дәрігерлерде клиникалық ойлау негіздерін қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған ғылым мен оқу пәнінің саласы ретінде қарастырылады.
Корпоративтік даму жөніндегі проректор, профессор Датхаев У.М. медицина тарихын білу ізгілендіру мен кәсіби мәдениет деңгейін көтеретінін, сонымен қатар алдағы медициналық қызметтің моральдық-этикалық принциптерін қалыптастыратынын атап өтті. Ол университетте Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасында жүзеге асырылып жатқан қазақстандық денсаулық сақтау тарихы бойынша жобаға тоқталды.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мұражайының директоры Амантаев Б.А. медицина тарихын білу қажеттігін атап көрсетті.
Қазақстан және ӘГП тарихы кафедрасының меңгерушісі Нагайбаева З.А. медицина тарихы бойынша кафедраның алдағы іс-шараларына қысқаша тоқталды.
Дәріске Жалпы медицина мектебінің, Фармация мектебінің және Стоматология мектебінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Сондай-ақ, Астана медицина университетінің (АМУ), Сеченов университетінің (И.М. Сеченов атындағы 1-ші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, РФ Денсаулық сақтау министрлігі және т.б.) оқытушылары мен студенттері онлайн қосылды.
Ұйымдастырушылар: Жалпы медицина мектебі-1, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы.