Анатомия – медицина негізі
ҚазҰМУ-да №1 М.Маметова атындағы аудиторияда «SDF» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастыруымен Жалпы Медицина мектебі студенттерінің «Анатомия медицина негізі» атты ғылыми оқулар жобасы өткізілді. Жоба бойынша адам ағзасының маңызды мүшелерінің жұмыс атқаруы туралы айтылды. Іс-шара бойынша Қайсар Алия – Жүрек-қан тамыр жүйесінің балалардағы анатомиялық ерекшеліктеріне, Қастеева Айым – Жүрек адам ағзасының моторы тақырыбына, Отар Гаухар – Бас Қаңқасы: Ми сүйектері бойынша, Кеншинбаева Сымбат – Ми тақырыбына, Омар Елмұрат- гипоталамус гипофиздік жүйе бойынша, Минайдар Айгерім – Сопақша Мидің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты өз докладтарын қорғады. Ұйымдастырылған жоба арқылы студенттер мен қатысушы қонақтар өздеріне қажетті мәліметті толығымен алды деген ойдамыз. Іс-шара қонағы ретінде деканның орынбасары Слу Хабибиевна шақырылды және де бұл ғылыми жоба жоғары дәрежеде өткендігін, көп мәлімет алғандығын, сонымен қатар осы іс өз жалғасын табу керектігін айтып өтті. Аталған ғылыми зерттеу жұмысынан кейін студенттер арасында өте қызықты «FIND ME» интелектуалды ойыны ұйымдастырылды. Осы арқылы студенттердің тапқырлығын, білімін және ойлау қабілетін аңғардық. Студенттер белсенді дәрежеде қатысты. Ойын сұрақтары ретінде қазіргі кездегі бағдарлама бойынша қызықты сұрақтар ұйымдастырылды. Негізінен кішкене болсын әлемге шолу ретінде география, химия және биология пәндеріне қатысты сұрақтар қойылды. Соңында ойын жеңімпаздары Жалпы Медицина мектебі 1курс студенттері Батыров Марат және де Жүсіпқали Елік-ай мәреге бірінші болып жетіп, жеңімпаз атанды. Сыйлық ретінде КИНОПАРКТЕН «беспредельный понедельник» 2 билет берілді.
Жалпы барлық қатысушыларымызға алғысымызды айтамыз!!!
Алдағы уақытта да ғылыми жарыстар және қызыққа толы интелектуалды ойындар көптеп ұйымдастырылады!!!
СДФ-пен бірге болыңыздар!!!