АНТИБИОТИКТЕРДІ ДҰРЫС ҚОЛДАНУДЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА «Антибиотик фармакотерапиясының қазіргі жағдайы мен болашағы» атты дөңгелек үстел
Антибиотиктер бактериялық инфекциялардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттар. Антибиотиктерге төзімділік бактериялардың осы препараттарды қолдануға жауаптары өзгерген кезде дамиды.
Антибиотиктерге төзімділік бүкіл әлемде қауіпті жоғары деңгейге дейін арту үстінде. Төзімділіктің жаңа механизмдері пайда болып, барлық жерде таралып, жалпы жұқпалы ауруларды емдеу қабілеті айтарлықтай төмендеуде.
Антибиотиктерге төзімділіктің салдары медициналық шығындардың өсуі, ауруханаға жатқызудың ұзағырақ болуы және өлім-жітімнің артуы болып табылады. Шұғыл шаралар болмаған жағдайда, антибиотиктен кейінгі дәуір бізге келе бастайды, онда жалпы инфекциялар мен жеңіл жарақаттар қайтадан өлімге әкелуі мүмкін.
Антибиотиктерге төзімділік олардың дұрыс емес және шамадан тыс қолданылуына, сондай-ақ инфекциялардың алдын алу мен бақылаудың әлсіздігіне байланысты қарқын алуда. Тұрақтылықтың салдарын әлсірету және оның таралуын шектеу шараларын қоғамның барлық деңгейлерінде қабылдауға болады.
Антибиотиктерді дұрыс қолданудың дүниежүзілік апталығына орай 9-қараша 2022 жылы клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Қайролла Дүйсенбайұлы Рахимовтың жетекшілігімен, кафедра ассистенті Абуова Ж. және «жалпы медицина» мектебінің 5-курс ЖМ 18-37 Қ., ЖМ 18-38 Қ. студенттерінің және 1 курс резиденттері ұйымдастыруымен Клиникалық фармакология кафедрасы «Антибиотик фармакотерапиясының қазіргі жағдайы мен болшағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға кафедра ұжымы, студенттер қатысты.
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің 1-курс резиденті Мүсілім Л. «Антибиотикопрофилактика. Важные аспекты», Сакен Қ. «Антибиотикорезистентность в Казахстане», 5 курс студенттері Өскенбай Д. «Антибиотиктердің шығу тарихы», Есмурзаева Е «Бактериялық жасушалардың пішінін өзнерту арқылы антибиотиктерге төзімділік», Иманбаев Б. «Новый антибиотик широкого спектра» тақырыбына шет елдік жоғары импакт фактормен шыққан журналдарға шыққан ақпараттар бойынша ағылшын тілінде баяндама жасады. Студенттер өз өнерлерін көрсетті, ойындар ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы және кафедра ассистенті Мухитова Динара Турегельдиевна жиынды қорытындылай келе қатысушыларға өз алғысын білдіріп, антибиотиктерді дұрыс қолдану еліміздің болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Осы іс-шараны ұйымдастырушыларды, белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапаттады.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/антибиотиктерді-дұрыс-қолданудың-дү/