Ардагерлерді ардақтайық
«Волонтер жылы – 2020» аясында 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ҚазҰМУ ардагерлерін» Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің АИТВ-жұқпасы курсы бар эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы ардагерлерді құттықтап және сыйлықтар табыс етті.
Өскелең ұрпаққа ұлағатты өсиетін айтып, ізінен ерген жас буынға ізетін аямайтын ардагерлер қашанда құрметке лайық. Халқымызды өзгелерден дара ететін бір ерекшелік те осы. Қарияларды құрметтеу, олардың сөзіне құлақ асу-бабадан қалған қасиет. Ата салтты берік ұстанған халқымыз қашанда «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсету қазақ халқының бойына сіңген асыл қасиеттердің бірі.
Кафедра ұжымы өз ардагерлерін әрдайым ұмытпай оларға әрқашан құрмет көрсетуге әзір екенін көрсетті.
Өз кезегінде ардагерлер кафедра ұжымына ризашылығын білдірді.
Қазыналы қарттарымыз ұлағатты болашағымыздың кепілі.