Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде еліміздегі ең ірі жатақхана ашылды
«Студенттер үйінің» лентасын ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қиды. 512 студентке шақталған заманауи жатақхана 9 қабаттан тұрады. Ғимаратта тәлімгерлерге жайлы жағдай жасалған. 75 орындық асхана, 30 орынды оқу залы, жоғары жылдамдықтағы интернет желісі, дәрігерлік бекет те бар.
«Бұл жатақхана Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «5 әлеуметтік бастама» бағдарламасы негізінде іске қосылды. Тек Алматыда, тек медицина саласында ғана емес, жоғары білім беру ұйымдарының негізінде студенттерге осындай жағдайлар жасау қолға алынуда. Біз Елбасы жариялаған бағдарламаны іске асыру үшін бар күшімізді саламыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.