Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да бақылау кеңесінің бірінші отырысы өтті
Отырыстың күн тәртібінде бақылау кеңесінің жаңа төрағасы мен оның орынбасарын тағайындау, сонымен бірге жаңартылған органның өзекті мәселелері талқыланды. Отырысқа ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты.
Бақылау кеңесінің негізгі міндеті мемлекеттік ұйымның қызметіне ықтимал теріс оқиғалардың алдын алуға, мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдалануды және әкімшілік қателіктерді мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді қысқарту арқылы бақылауды күшейту болып табылады. Бұл жайлы өткен отырыста ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қайталап өтті.
Отырыста ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа бақылау кеңесінің төрағасы ретінде «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Омаров Қадыр Тоқтамысұлы ұсынылды. Кандидатура отырыс қатысушыларымен толықтай мақұлданды. Өз сөзінде министр бұл төрағалықтың уақытша сипатта болатынын айтты.
– Жұмыстың алғашқы кезеңі болған соң, мен өзіме мұндай үлкен жауапкершілікті алып отырмын. Бәрімізге қазіргі таңла министрліктің барынша кеңестерде қатысуын қысқартып жатқаны мәлім. Сондықтан, менің төрағалығым ұзақ болмайдыы, — ведомство басшысы атап өтті.
Отырыстың екінші сұрағы ретінде ҚР ДСМ «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК-ның 2016 жылға жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту қарастырылды. Қатысушылар университеттің шығыс бөлігін, кірістер мен негізсіз қаржылық шығындарынды талқылады. Сондай-ақ, университет штатында пайда болған жаңа қызметтер және оларға бөлінген қомақты қаржы шығыстары айтылды.
«Бүгін университет ректорының жетекшілігімен жұмыс атқаратын жұмыс тобы құрылды. Барлық сұрақтар пысықталып, жоспарлы түрде шешілетін болады», — деді министр. Сонымен бірге оқу орынның кірістері мен шығыстары басты назарда болады. «Қаржы ағымдарын нақты жоспарлау қажет», — деп отырыс қатысушылары атап өтті.
Жаңа құрылған кеңестің бірінші отырысында тағы да басқа сұрақтар қарастырылды — ҚР ДСМ «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК-ның 2016 жылға даму жоспарының орындалуы туралы есеп жобасын келісу; Ішкі аудит бөліміні туралы Ережесін және 2017 жылғы жылдық аудиторлық жоспарды бекіту; Ішкі аудит бөлімінің мамандары бойынша бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды мақұлдау және оларға лауазымдық қызметақы мөлшерін тағайындау. Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар бойынша жұмыс жалғасып, жақын аралықта жұмыс тобының мүшелері қазіргі таңдағы бар мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарын ұсынатын болады.
Айта кетсек, өткен отырыста қатысты:
Біртанов Елжан Амантайұлы – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы – ҚР ДСМ «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК ректоры;
Омаров Қадыр Тоқтамысұлы – «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы;
Тәжиев Есентай Бөдесұлы – ҚР ДСМ «Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директор орынбасары;
Ахметов Уәлихан Исаұлы – Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
Локшин Вячеслав Нотанович — «Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы» ЗТҚ-ның президенті;
Джангильдин Алиби Чингисович – бизнес кеңесші;
Мәжібаев Қайрат Қуанышбайұлы – «Resmi» компаниялар тобы» ЖШС-ның президенті;
Сарыбеков Владимир Евгеньевич – «Capital partners» ЖШС-ның Бас директоры.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі