Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдуалиев Асхан Маркабайұлының қатысуымен «ҚР Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік тілге көшу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді
Құрметті С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің оқытушылары мен білім алушылары!
2022 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасында тіл саясатының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде Дипломнан кейінгі білім беру факультеті, Түлектер мансабы орталығымен бірлесіп Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдуалиев Асхан Маркабайұлының қатысуымен «ҚР Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік тілге көшу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Өтетін орны: Алматы қ., Төле би к-сі, 88, ҚазҰМУ, № 4 корпус, Фитотека залы, сағат 15.00
Қосымша ақпаратты 338-70-90 (ішкі 70-54) телефон бойынша алуға болады.