«Ауруларды басқару бағдарламасы» аясында оқу-ағарту жұмыстары өтті
2018 оқу жылы «Денсаулық сақтау экономикасы мен менеджментінің интеграцияланған жүйелері» кафедрасы алғаш рет жобалық оқытуын енгізді, оның мақсаты – интерндерді ғылыми дәлелденген технологиялар арқылы тәжірибеге тарту. Оқу процесінің нәтижесінде интерндер ғылыми жобаны профессорлық оқытушылық құрамнан тұратын ішкі және сыртқы комиссияға тапсыруы қажет.
Білім беру бағдарламасы аясында 8 қараша күні кафедра қызметкерлерінің басшылығымен және 2-жыл жалпы тәжірибедегі дәрігер мамандығының интерндері №36 қалалық емхана базасында «Ауруларды басқару бағдарламасы» аясында медбикелердің науқастармен жұмыс істеуін, ал №1, 6, 21 қалалық емханаларында өз денсаулығын басқару бойынша халыққа оқу-ағарту жұмыстарын жүргізді.