АҚШ елшілігінің мониторингтік тобы ҚазҰМУда болды
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының білім беру және мәдени бағдарламаларының үйлестірушісі Жанна Тоқтарова және АҚШ пен Қазақстанның жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру жөніндегі Америкалық кеңестерінің серіктестік бағдарламаларының үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев бастаған мониторингтік топ келді.
«Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қаржыландыратын «Tracking Energy Diversification, Pollution, and Birth Outcomes in Kazakhstan» жобасын іске асырып жатқанын атап өткен жөн.
Жобаның бас үйлестірушісі College of Health, Lehigh University (USA) профессоры Hyunok Choi және ҚазҰМУ атынан үйлестіруші – «денсаулық сақтау Менеджменті және саясаты» кафедрасының меңгерушісі Ляззат Кошербаева. Бұл жобаға «Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының доценті Айнұр Құмар, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1 курс докторанты Жанар Сабырділдә және «Жаһандық денсаулық және денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Талант Егеубаев қатысады.
АҚШ елшілігінің өкілдері басқа елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жасай отырып, университеттің интернационалдандыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Екі тарап болашақта ғылыми, білім беру және мәдени бағдарламаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.