Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары үшін инклюзивті оқытуды имплементациялау
Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау мақсатында ҚазҰМУ-нің Академиялық жұмыс департаменті 2024 жылдың 4-5 сәуір күндері университеттің 60 қызметкеріне арналған «Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары үшін инклюзивті оқытуды имплементациялау» және 22 қызметкерді Прогрессивті тестілеу бойынша оқыту Көктемгі мектебін өткізеді.
Бұл семинар TeachHub жобасы аясында өткізілуде. Семинардың мақсаты: Білім, ғылым және жоғары білім министрлігі Бірлескен алқасының 14.02.2024 ж. «Сапалы білімнен сапалы адами капиталға» хаттамасының 1.8 тармағын іске асыру мақсатында зағип және нашар көретін студенттерге арналған бакалавриат білім беру бағдарламаларын бейімдеу.
Көктем мектебінің спикерлері инклюзивті білім беру және прогрессивті тестілеу саласындағы жетекші сарапшылар:
– Риклефс В. П. – «ҚМУ» КЕАҚ медицина ғылымдарының кандидаты, AMEE зерттеу комитетінің мүшесі, медициналық ЖОО оқытушылары үшін медициналық білім беруде симуляциялық технологиялар мен белсенді оқыту әдістері бойынша оқыту семинарларын өткізу бойынша жетекші маман.
– Усатаева Г. М. – медицина ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры, Еуропалық Одақтың Erasmus+ DECIDE Орта Азия елдеріндегі жобасының мүшесі «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға университет жағдайында қызмет көрсетуді дамыту».
Семинар аясында зағип және нашар көретін оқушыларға арналған білім беру бағдарламасын бейімдеу бойынша үздік жобаға байқау жарияланады.
Семинар аяқталғаннан кейін «Көктем мектебі» қатысушыларына сертификаттар беріледі.