Балалардағы жұтқыншақ және құлақ аурулары: қазақ тілінде кәсіби оқулық жарық көрді
«Балалардағы жұтқыншақ және құлақ аурулары» деп аталатын ең алғашқы қазақ тіліндегі кәсіби оқулықта жеткіншек жұтқыншағының клиникалық анатомиясы мен физиологиясы және оны тексеру әдістері жазылған. Жедел және созылмалы фарингит сияқты аурулардың, сонымен қатар аденоидтар мен таңдай бадамшаларының ұлғаюы сияқты маңызды мәселелер қамтылған. Еңбек жоғары оқу орындарының студенттері мен жалпы практикалық дәрігерлерге және сала мамандарына арналған.
Автордың сөзінше, әр тарау соңында тест тапсырмалары құрастырылған. Ол теориялық білімді тереңдетуге мүмкіндік береді.
«Оториноларингология саласы бойынша оқулық жоқ. Сондықтан алғашқы кәсіби оқулық болып саналады. Кітаптар қарапайым тілде жазылған. Жай студенттерге, резиденттерге ғана емес, тіпті тәжірибиелік дәрігерлерге де қажетті ақпарат таба алады», – деді балалар оториноларингология саласының докторы Амангелді Күлімбетов.


