Балаларға қуаныш сыйла!
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, ҚазҰМУ-дың белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен Алматы қаласының Онкологиялық ауруханасында «Балаларға қуаныш сыйла» атты іс-шара өтті.
Аталмыш шарада Жалпы медицина факультетінің студенттері балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, өздерінің жан-жақты өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, балаларға кішігірім сыйлықтар ұсынылды.