Басқарма Төрағасы – Ректор шәкіртақысына конкурс жарияланады
Конкурсқа барлық мектептер мен факультеттердің 2–6 курс студенттері (бакалавриат және интернатура) қатыса алады.
Негізгі талаптар:
- GPA көрсеткіші 3.5-тен төмен болмауы тиіс
- академиялық берешектің болмауы
- ғылыми және практикалық қызметке белсенді қатысу
Қажетті құжаттар:
- CV / түйіндеме
- ғылыми жарияланымдар тізімі
- қалалық, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысқанын растайтын сертификаттар
- мотивациялық хат (қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде, көлемі 750 сөзден аспауы тиіс)
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 17 сәуірге дейін (18:00-ге дейін)
Құжаттар деканаттар арқылы қабылданады.




