ҚазҰМУ-да Америка Микробиологиялық Қоғамының (ASM) Орта Азиядағы алғашқы Биоресурс Орталығы ашылды
Бүгін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Америка Микробиологиялық Қоғамының (ASM) Орта Азиядағы алғашқы Биоресурс Орталығының ашылуы болды.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ASM орталығының ашылу мақсаты – ғалымдарды, оқытушыларды, магистранттарды, докторанттар мен студенттерді ең жаңа ғылыми ресуртармен қамтамасыз ету және микробиология бойынша білімді үйрету мен таратудың виртуалды форумы ретінде қатысу.
ASM биоресурс орталықтары бүкіл әлем бойынша ғалымдарға білім ресурстары мен тренингтерін ұсынады. Орталықтар студенттерге, оқытушыларға, лаборанттарға ғылымға деген ортақ қызығушылықтары арқылы бірігу мүмкіндігін береді. Биоресурс орталықтарындағы ASM кітаптары, журналдары және интернет-ресурстары қызығушылық танытқан топтарды жаңа ресурстармен қамтамасыз етеді.
Іс-шараның қадірлі қонақтарының қатарында АҚШ-ң Қазақстандағы Бас консулы Тереза Гренчик, Қазақстандағы ДДҰ кеңсесінің басшысы Мелита Вуйнович, АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) Орталық Азиядағы кеңсесінің басшысы Дэвид Макалистер болды.
Ашылу салтанатына ҚазҰУ, ҚазҰАУ, ҚызПУ, ҚазҰТУ өкілдері, бірқатар басқа ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары қатысты.
ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов Орталықты ашқанда айтып өткендей: «бүгін біз Орталық Азиядағы алғашқы Биоресурс орталығын ашып отырмыз, мұнда ҚазҰУ, ҚазҰАУ, ҚызПУ, ҚазҰТУ кітапханалары, басқа да кітапханалар бар. Біз үшін бұл үлкен қадам, Биоресурс орталығының ашылуы біз үшін әлемдік ғылымға апаратын тағы бір көпір болады. Бүгінде жаһандық ғылым әлемімен бірігу біз үшін аса маңызды, қазірдің өзінде біздің 300 студентіміз жыл сайын академиялық мобильдік аясында әлемнің озық елдерінде білім алады, ал Америка микробиология қоғамының мол базасына кіру, ақпарат ала білу – әлемдік ғылыми процеске араласудың тағы бір мүмкіндігі».