Бос лауазымның атауы: Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қауіпсіздік бөлімінің маманы
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қауіпсіздік бөлімінің маманы-1 бірлік.
Негізгі талаптары:
- Жоғары заң білімінің болуы.
- Құқық қорғау органдарында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы.
Келесі құзыреттердің болуы:
- Қызметкерлерге және білім алушыларға қатысты келіп түскен шағымдар бойынша қызметтік тексерулер жүргізу.
- Прокуратураның, соттың және басқа да бақылау органдарының ұсынысы бойынша тексеру жүргізу.
- Іскерлік және жеке қасиеттер: командада жұмыс істей білу, бастамашылдық, адалдық, жауапкершілік, қарым-қатынас.
- Кәсіби дағдылар: MS Office (Word, Excel, Outlook) бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеу дағдылары.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға болады.