Білім алушылар Кәсіподақ ұйымы №1 және №2 жатақханаларда студенттермен кезекті кездесуін өткізді
«С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Білім алушылар Кәсіподақ ұйымы» қазан айының 3-і күні №1 және №2 жатақханаларда студенттермен кезекті кездесуін өткізді. Жатақхана студенттеріне Кәсіподақ ұйымы жайында толық мәліметтер беріліп, студенттердің сұрақтарына мазмұнды жауап берілді. Онымен қоса, Кәсіподақ ұйымының белсенділері және Жалпы Медицина факультетінің студенттік деканы Мәмбетов Ержан, Жалпы Медицина факультетінің Студенттік Үкіметінің төрағасы Жұмаш Сержан жатақханаларды аралап, студенттердің жай-күйін біліп қайтты. Тазалық, тәртіп туралы алдын алу шаралары жүргізілді. Студенттердің арасында ұлтаралық қақтығыс болмау үшін үгіт-насихат жүргізілді. Айта кететін бір ғана мәселе бар, №1 жатақхананың сыртқы есігінің істен шыққанына біраз уақыт болған көрінеді. Есік құлыптанбайды, оны міндетті түрде жөндеу жұмыстарынан өткізу керек. Әрине, бұл жағдай жатақхана тәртібіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жайында студенттер мәлімет берді.