Ваканттық лауазымдарға орналасу бойынша ішкі конкурс нәтижелері
2025 жылғы 4 наурызда өткен Конкурс комиссиясының отырысының қорытындысы бойынша ваканттық лауазымдарға келесі кандидаттар ұсынылды:
- Б.А. Атчабаров атындағы Негізгі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының директоры лауазымына – Асембеков Батырбек Сейтзадаұлы, 00.30 – Эпидемиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты.
- «Коллективті пайдалану орталығы» ғылыми зертханасының меңгерушісі лауазымына – Орадова Аксолтан Шыхдурдиевна, 00.07 – Микробиология мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты.
Үміткерлер барлық қойылған біліктілік талаптарға толық сәйкес.