Вакцинациядан бас тартқан ата-аналар баланың құқығын шектейді – Біртанов
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қандай егулер міндетті болатындығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Біртанов көптеген ата-аналар балаларына вакцина салудан бас тартып, олардың денсаулығына қауіп төндіруде дейді. Сол себепті кейбір екпелерді салғызу міндетті болуы керек деп отыр министр. Халықтың кейбір топтары үшін вакцина салдырмау аса қауіпті болуы мүмкін екенін де ескертті ол.
«Айта кету керек, вакцинадан бас тартқан ата-аналар баланың құқығын шектейді. 2019 жылы қызылша аурулары арасында 21 өлім тіркелді, олардың 19-ы балалар. Қазақстан Республикасында қызылша ауруы кезеңінде – 2018 жылғы 1 қарашадан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін – қызылша ауруы 13887, балалар арасында 9887 тіркелді. Бұл ауру негізінен егілмеген балалар арасында тіркелді, бұл 83,4% немесе 8 244 жағдайды құрайды. Вакцинамен жұқтыруға болатын инфекциялардың тіркелуі тұрғындар арасында халықтың осал топтарына жататын балалардың өміріне қауіп төндіреді», – деді басқарма басшысы.
Министр екпелердің бірнеше түрі бар екенін, және міндетті вакцинацияны жүргізбеген балалардың білім ала алмайтыны туралы жеткізген. Жасалып жатқан әрекеттер балалардың иммундық жүйесін жақсартуға бағытталатынын ескергендеріңіз жөн дейді Біртанов.
«Міндетті профилактикалық егулер жоспарлы профилактикалық егулер мен эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес профилактикалық егулер бар. Күнделікті профилактикалық егулерді алмаған балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне қабылдау тек мектепке дейінгі мекемедегі ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне жеткенде ғана мүмкін болады», – деп түйіндеді министр.
Толығырақ: https://stan.kz/vakcinaciyadan-bas-tartkan-ata-analar-balanin-kykigin-s-332634/