Гибридті жобаларды басқару
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында 2023 жылғы 28 қараша-1 желтоқсанға аралығында «Гибридті жобаларды басқару» тақырыбында семинар өткізілуде.
Курстың мақсаты: қызметкерлерді білім беру үдерістерін жобалық басқаруды іске асыру әдістеріне оқыту.
Курс тыңдаушылары: университет мектептерінің/факультеттерінің декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары.
Оқытуды сертификатталған жаттықтырушылар жүргізеді:
– Ерешев Бауыржан Тұрсынбекұлы, профессор, Э. ғ. д., НАЕН академигі, сертификаттау жүйесіндегі level А жобаларының сертификатталған директоры IPMA, PRINCE2;
– Хусаинова Райхана Нүсіпбекқызы, IPMA сертификаттау жүйесіндегі Level B, жобаларын басқару бойынша сертификатталған кәсіби маман, сертификатталған HR.