ДДСҰ Еуропа Бюросының медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан кеңсесі (ГҚК)
2015 жылғы 11 ақпанда сағ.11.00 Қазақ Ұлттық медицина университетінде ДДСҰ Еуропа Бюросының медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан кеңсесінің ашылу рәсімі өтеді.
Қазақстанда ДДСҰ кеңсесінің ашылу рәсіміне ДДСҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице министрі Салидат Қайырбекова, Алматы қ. әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің делегациялары, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, академик Төрегелді Шарманов және ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов қатысады.