«Денсаулық сақтаудағы өзгерістерді басқару» Халықаралық мектеп ұйымдастырылып өтуде
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасында Ұлттық медициналық университеттің, аль-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің, Үздіксіз білім беру Қазақ медициналық университетінің, Қазақ-Ресей медициналық университетінің, «ҚДЖМ» Қазақ медициналық университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистранттар мен докторанттарға арналған Халыққа біріншілік медико-санитарлық көмек бойынша Алматылық декларация және Халықаралық конференцияның 40-жылдығына арналған «Денсаулық сақтаудағы өзгерістерді басқару» Халықаралық мектеп ұйымдастырылып өтуде.
Халықаралық мектептің кілттік спикері – Литва денсаулық ғылымдары университетінің профессоры Жильвинас Падайга.
Халықаралық мектеп шегінде келесі сұрақтар қарастырылады: денсаулық сақтау жүйесіндегі реальды жағдайлар және қажет өзгерістер; профилактикалық бағдарламаларды жоспарлау; денсаулық сақтау экономикасы; профилактикалық бағдарламалардың бюджеті және т.б.