«Денсаулық сіздермен бірге басталады» акциясы
2018 жылдың 15 қазанында Алматы қаласының «Кішкентай мектеп» балабақшасында, KazMSA белсенділері, соның ішінде SCOPH жергілікті комитетінің мүшелері (№3 топ) «Денсаулық сіздермен бірге басталады» акциясын өткізді. Бұл шараның мақсаты балалардағы дәрігерлерден қорқу сезімін жеңе білу және түрлі ойындар арқылы балаларға пайдалы өнімдерді түсіндіріп көрсету, балаларды дәрігер мамандығына шабыттандыру, сондай-ақ балаларға қуаныш сыйлау.
Іс-шараны белсенділер балалармен танысуды және қарым-қатынасты бастады, содан кейін балаларға арналған қойылым бөлімі басталды. Біріншіден, Микки кейіпкеріндегі қыз балалармен танысты, артынан қалмаған жөтел туралы айтып, балалардан көмек сұрады. Балалар өз кезегінде Жедел Жәрдем бригадасын шақырды. Бірақ кішкентай мәселе пайда болды, Микки дәрігерлерден өте қорқады. Сондықтан балалар оған емдеудің маңыздылығын айтып, дәрігер мен Миккиді жөтелден құтқаруға шақырды. Соңында балалар дені сау Миккимен бірге ойнап, біраз уақыттан кейін жемістер мен көкөністердің пайдалы қасиеттері туралы бейнежазбаны көрді. Осы сәтте Миккидің қалған достары жемістері таратты, осылайша балаларды қуантты. Іс-шараның «Танымдық бөлімінен» кейін студенттер балаларға түрлі ойындар өткізіп, балаларды ерліктері үшін марапаттады, осылайша балабақша әкімшілігінен, балалардың ата-аналарынан және балалардың өздерінің алғыс алды.