«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында ҚазҰМУ-нің студенттерімен кезекті кездесу өткізілді
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» тақырыбында ҚазҰМУ-нің студенттерімен кезекті кездесу өткізілді.
Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизм әрекеттерінің алдын-алу және күрес мақсатында 05.04.2018 ж. ҚазҰМУ-нің №7 жатақханасында сағат 18.30-19.30-дейін Алматы қ. Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында «Нәтижелерді анықтау орталығының» қызметкері Қаз ҰМУ жатақханаларында тұратын 1-3 курс білім алушыларымен кездесу (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын-алуға арналған шаралардың жоспарына сәйкес) өткізді.
Аталған кездесуде ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану phd докторы, оқытушы – Багашаров К.С. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу туралы. Идеология» тақырыбында баяндама жасады. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Аталған шараға қатысушылар саны – 60 адам. Бұл іс-шара Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.