Дүниежүзілік денсаулық күні – 2019
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Дүниежүзілік Денсаулық күнін (World Health Day) атап өту дәстүрге айналған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) биылғы жылы Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту тақырыбына көңіл аударды.
Университет кафедраларының профессор-оқытушылары құрамы студенттермен бірлесіп биылғы жылы атаулы күнге арнайы арналған іс-шараларды ұйымдастыру арқылы онкүндікпен бастады.
Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық күніне орай клиникалық кафедралар өз базаларында сәуірдің 1-інен 10 аралығында ашық есік күндерін өткізді.
Онда клиникаға келген әрбір адам өзінің денсаулығының жай-күйі туралы арнайы мамандардың консультациялық-диагностикалық және практикалық бейінді мамандардың (офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, травматолог, педиатр, психиатр-нарколог, эндокринолог және т.б) көмегін тегін алды және «Уақтылы скрининг өту» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды.
Бұған қоса, флешмобтар, салауатты жаттығулар, Қазақстанның киелі жерлеріне студенттік бағыт» жобасы бойынша Шымбұлақ, Медеу шатқалына саяхаттар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.
Молекулалық биология және медициналық генетика және дене тәрбиесі кафедраларының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Спорт –денсаулық кепілі» ұлттық спорттық ойындар (Кім жылдам?, Доп лақтыру, Асық ату, Арқан тарту, Кім күшті? және т.б.) мен батминтоннан мектепаралық сайыс өткізілді.
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Психиатрия және наркология, профилактикалық медицина курсымен нутрицилогия, жұқпалы АИБ курсымен эпидемиология кафедраларының оқытушылары әр түрлі тақырыпта дәріс оқыды, студенттердің жалпы қамтылуы 600 адам.
Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы ретінде Дүниежүзілік Денсаулық күніне арналған кең ауқымды акция Алмалы әкімдігінің қолдауымен (С. Сарыбаев), Жастар саясаты басқармасының (Н. Асқарұлы, Р. Жармағанбет) ұйымдастыруымен Фармация мектебінің кафедралары, профилактикалық медицина курсымен нутрициология, балалар стоматологиясы, № 1,2,3 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедраларының оқытушылары, интерн, резидент және студенттерінің қатысуымен қалалық Арбатта өткізілді. Ондағы мақсат,биылғы жылғы денсаулық сақтау қызметтерін жалпы қамту идеясы, барлық адамдар қай жерде, қандай сапалы қызмет алу мүмкіндігін қамтамсыз етуді жалпы бұқараға түсіндіру.
Әр түрлі атаулы аймақтарда кафедра профессор-оқытушылары құрамы мен интерндер келген қала тұрғындарының биоимпеданстық яғни, дене құрамына талдау (ағзадағы май мен сұйықтықтың, бұлшық ет пен сүйек массасының мөлшерін ) жүргізіп, артериалдық қысымдарын өлшеп, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір сүру жайында кеңес берді және көрмеде көрсетілген жаңа фито өнімдер мен фармация жетістіктері жайында әңгімеледі.
Университет оқытушылары, қызметкерлері мен жастар ұйымдарының студенттері тұрғындар арасында сауалнама, шоу бағдарлама (би, қайырымдылық лотерея) жүргізіліп, әр түрлі тақырыптар жайында кітапшалар, буклеттер таратылып және би қимылдарымен бұқараны «Денсаулық – адам өмірі үшін ең басты құндылық» екенін және әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға көңіл аударуға шақырған флешмоб ұйымдастырылды. Жалпы қамтылуы – 1000 адам.
Акцияны ұйымдастырушылар белсенді түрде қатысқан барлық қатысушыларға алғыс айтып, барлықтарыңызға ДЕНСАУЛЫҚ тілейді!
Жастар саясаты басқармасы