Дәрігерлер 8 наурыз мерекесінің алдында алматылық ардагер әйелдердің денсаулығын нығайтуға көмектеседі
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университеттік клиникасында Мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде Ұлы Отан соғысына және еңбек майданына қатысқан ардагер әйелдер тегін консультациядан өтіп, ем ала алады. Ашық есік күні «8 наурыз халықаралық әйелдер күні» қарсаңында өтпек. Келушілерді барлық бағыттағы дәрігерлер қабылдайды. Сонымен қатар, ардагер ханымдарға естелік сыйлықтар сыйға беріледі.
Іс-шараның мақсаты ұрпақтар сабақтастығын сақтау және қоғамда ынтымақтастық сезімін, қарттарға құрмет білдіруді нығайту болып табылады. Ардагерлерге алғыс-құрметін көрсете отырып, біздің Клиниканың еңбек ұжымы олардың Ұлы Отан соғысында жасаған қаһармандығын мәңгі есте сақтайды.
Іс-шара 3-наурызда таңғы сағ.10-00 басталады. Ардагер әйелдерді және тылдағы еңбекші әйелдерді университет клиникасында Шевченко к-сі, 126, Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы мекенжай бойынша күтеміз. Көппрофильді диагностикалық орталық ең жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оның базасында: Консультациялық-диагностикалық орталық (тар көлемді мамандар, клиникалық-диагностикалық зертхана, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, физиокабинет, процедуралық кабинет, күндізгі стационар); Диабет орталығы (бүгінгі таңда Алматы қ. бірден бір мамандандырылған стационар) және Лор орталығы (ҚР-да бірінші рет навигациялық жүйені қолданып операциялық араласу жасалды) жұмыс істейді.
Ашық есік күні «Нұр Отан» партиясымен және Алматы қ. Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында өткізіліп отыр.
Іс шараға қатысушылар: Алмалы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы – Николаенко Н.П., «Нұр Отан» партиясының Алмалы адандық филиалының Төрағасының бірінші орынбасары – Ордабаева Н.А., Алматы қ. Алмалы ауданы Әкімінің орынбасары – Бекжанова А.С., С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бірлескен университеттік клиникасының директоры – Губайдуллина Ж.А.