Дәрігерлік дәстүр: ҚазҰМУ дәрігерлері тағы да Алматы облысына аттанды
Қазақстанның шалғай аймақтарының тұрғындарына медициналық көмек көрсету мақсатында сапарға шығу дәстүрін жалғастырып 2022 жылдың 13-16 қазан аралығында «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ бір топ дәрігерлері мен оқытушылары Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Қалжат ауылына екінші рет аттанды.
Медициналық дәрігерлік кеңес берді:
- Дәрігер-эндокринолог, профессор Аблаев Жангентхан Абылайұлы;
- Дәрігер-психиатр, профессор Асимов Марат Әбубәкірұлы;
- Дәрігер-психотерапевт, «Коммуникациялық дағдылар» кафедрасының меңгерушісі Багиярова Фатима Арыстанқызы;
- Дәрігер-невролог, «Неврология» кафедрасының доценті Избасарова Ақмарал Шаймерденқызы;
- Дәрігер-гастроэнтеролог, «Гастроэнтерология» кафедрасының ассистенті Ашимова Назгум Адильжановна;
- Дәрігер-педиатр, «Коммуникациялық дағдылар» кафедрасының ассистенті Омархан Арайлым Шыңғысханқызы;
- Дәрігер-кардиолог, «Медицина» бағытының докторанты Индершиев Вилдан Арсланович;
- «Эндокринология» кафедрасының дәрігер-резиденті Савирдинова Гульфиза Бахтишатовна.
Профессор Аблаев Ж.А. эндокриндік ақаулары бар50-ден астам науқасты қабылдап тексерді. Доцент Избасарова А.Ш. 60-қа жуық науқасты тексерді. Психотерапевт-дәрігерге барып, психологиялық көмек алу дәстүрге айналып барады. Тәжірибе мен ғылымның бірлігін сақтай отырып, «Ұйғыр ұлты адамдарындағы ұйқы безінің эндокриндік қызметінің ерекшеліктері» атты ғылыми зерттеу аясында жұмыстар жүргізілді. 75 мг глюкоза жүктемесімен глюкозаға төзімділік сынағы жасалды, жүктеме алдында және 2 сағаттан кейін инсулин, С-пептид, глюкоза, фруктозамин және гликирленген гемоглобин үшін қан анализі алынды.
Дәрігерлер Ұйғыр ауданы орталық аудандық ауруханасының әкімшілігіне бруцеллез, В және С гепатиті, созылмалы жұқпалы емес ауруларды анықтау және алдын алу жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстар берді. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияны диагностикалық құрал-жабдықтармен (АБПМ, УДЗ және биохимиялық талдау үшін негізгі реагенттер) қамтамасыз ету ұсынылды.
Ауыл тұрғындары мен Ұйғыр ауданы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары медицина мамандарына салтанатты түрде алғыс айтып, Алғыс хаттар табыстады. Ұйғыр облысының әкімдігі мен Орталық облыстық ауруханасы Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Қалжат ауылының шалғайдағы тұрғындарына медициналық көмек көрсеткені үшін Қазақ ұлттық медицина университетіне, университет ректоры Шоранов Марат Едігеұлына шын жүректен алғысын білдіреді.