ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ «Гепатологияның өзекті мәселелері»
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«Гепатологияның өзекті мәселелері»
«Университет күндері-2015 ҚазҰМУ-ға 85 жыл: жетістіктері және келешегі», дәстүрлі халықаралық конференцияға 04.12.2015 ж. Біріккен университет клиникасы «Гепатология» модулінің қызметкерлерімен және Біріккен университет клиникасында «Гепатологияның өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға қатысқандар: Біріккен университет клиникасының басшысы Губайдуллина Ж.А., экономикалық адьюнкт-профессоры, халықаралық қатынастар магистрі (Канада), ҚазҰМУ-ның құрметті профессоры Орвилл Адамс, м.ғ.д., профессор, №3 терапия бойынша интернатура кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ. ДБ бас гастроэнтерологы Искаков Б.С., м.ғ.д, профессор, гастроэнтерология және гепатология эндоскопия курсымен кафедра меңгерушісі, ҚР ДСӘДМ кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ гастроэнтерология және гепатология бөлімінің жетекшісі Нерсесов А.В., ҚазҰМУ м.ғ.к. Ішкі аурулар департаментінің басшысы Садыкова Ш.С., м.ғ.к, профессор ішкі аурулар №1 кафедрасының меңгерушісі Курманова Г.М., м.ғ.к Б.Атчабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ клинико-диагностикалық ғылыми зертханасының меңгерушісі Батырбаева Д.Ж., Қалалық гепатологиялық орталық Алматы қ. меңгерушісі Жусупова Р.Т., ҚазМҮБУ жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Дерябина Л.В., жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының ПОҚ, ИРТ №1, 2, 3, БЖМК, №1 ЖДД интернатура, №1, 2 ішкі аурулар, спортты медицина, ҚазҰМУ КДҒЗ қызметкерлері, №1 БУК дәрігерлері, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері, интерндер қатысты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында гепатит ауруларын төмендетуге, бауыр ауруларымен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын ұзартуға бағытталған іс-шаралар туралы пікірталас жүргізілді.
Дегенмен, бауыр ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың шешілмеген сұрақтары қалуда. Бірінші кезекте әр кезеңде медициналық көмек көрсетуді жалғастырудың, науқасты жүргізудің мультидисциплинарлы кешенінің болмауы, бауыр ауруларының емі және диагностикасының қазіргі заманғы әдістерінің жеткіліксіз қолдануы болып отыр.
Дөңгелек үстелдің мақсаты созылмалы бауыр ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудің оптималды моделін анықтау.
Алматы қаласында бауыр ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек беру туралы мақсат болды, диагностиканың заманауи әдістемесі және бауыр ауруларының емі, инновациалық диагностикалық әдістемені қолдану және гепатология орталығы ҚазҰМУ Біріккен университет клиникасы С.Ж. Асфендияров атындағы бауыр ауруларымен ауыратын науқастардың емі. «Гепатология» Орталығында бауыр ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудің моделі дөңгелек үстел қатысушыларына ұсынылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мыныдай ұсыныстар:
- ҚР ДСӘДМ диагностика және емдеудің хаттамасы негізінде заманауи әдістерді қолдана отырып бауыр аурулары бар науқастарды емдеу, тексеру және мониторинг жасау.
- Бауыр аурулары бар науқастарды жүргізгенде инфекциялық, гастроэнтерологиялық, хирургиялық және онкологиялық бағыттармен кешенді көмек көрсетілуі қажет.
- Біріккен университет клиникасында Гепатологиялық орталығында гепатологияның өзекті мәселелері бойынша дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру үшін циклдар жүргізу.
- БУК-да «Гепатология» орталығында бауыр ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудің моделімен негізінде жүргізілу.