Еліміздің белгілі академигі Төрегелді Шармановтың 90 жылдығына орай өтетін конференцияға жетекші шетелдік сарапшылар қатысады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті еліміздің мақтанышы, аты аңызға айналған тұлға, қазақстандық медицинаның корифейі, академик Төрегелді Шармановтың 90 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шаралар өткізуді қолға алып отыр.
Төрегелді Шармановтың Қазақстан ғылымына қосқан үлесі зор. Академик әлі күнге дейін жас мамандарды тәрбиелеп, ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етуде. Есімі бүкіл дүниежүзіне мәлім академик Төрегелді Шармановты ХХ ғасырдағы денсаулық сақтау саласының айтулы оқиғасы болған Алматы конференциясының ұйымдастырушысы ретінде біледі. Төрегелді Шарманов қазақ медицинасының қалыптасу мен даму жолында айтарлықтай еңбегi сiңген ғалым.
Академик Төрегелді Шармановтың 90 жылдығына орай ҚазҰМУ-да «COVID-19 күрестегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясыөтеді. Әлемнің танымал ғалымдары инфекцияның таралуын болдырмау және пандемияны жеңу турасында тәжірибесі мен өз ойларымен бөлісетін болады.
19-20 қазан аралығында өтетін конференцияда коронавируспен күрестегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі талқыланады.
Конференцияның спикерлері:
Норио Омагари — Жапониядағы ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының және ДДҰ-мен ынтымақтастықта болатын Жаһандық медицина ұлттық орталығының директоры.
Кристофер Мюррей — Дүниежүзілік денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеуші, денсаулық сақтаудың көрсеткіштері және бағалау институтының директоры, АҚШ ұлттық медицина академиясының мүшесі.
Триша Гринхальх — Алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы Британдық медициналық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері. Оның «Дәлелді медицина негіздері» кітабы бүкіл әлемде танымал болды және бүкіл әлемнің практиктері мен студенттері арасында мойындалды.
Лоуренс Штейнман — неврология, педиатрия және генетика профессоры. Nature журналында жарияланған оның мидың қабынуындағы белгілі бір интегриннің рөлі туралы мақалаларының бірі Tysabri препаратының пайда болуына әкелді, ол қазір склероз бен Крон ауруын емдеуге қолданылады.
Дэвид Бишай — Сан-Диего Университетінің Медицина мектебі мен Вартон бизнес мектебінің түлегі, дәрігер және денсаулық экономисті, доктор Бишай Джон Хопкинс университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің денсаулық сақтау саласы бойынша мекемеаралық бағдарламасының директоры.
Майкл Бэйкер — Отаго университетінің эпидемиологы. Бэйкер Жаңа Зеландиядағы тамақ қауіпсіздігі жөніндегі академия мен Жаңа Зеландия денсаулық сақтау пандемиялық тұмауға қарсы техникалық кеңес беру тобының (PITAG) мүшесі.
Йик-Йинь Тео — Сингапурдың Ұлттық университетінің Со-Сви-Хок қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы. Бүгінде ол Ауруларды зерттеу жөніндегі Халықаралық бағдарламаның (CDC) Ғалымдар кеңесінің мүшесі және Оңтүстік-Шығыс Азия үшін Тропикалық медицина және қоғамдық денсаулық сақтау аймақтық орталығы Басқарушы кеңесінің мүшесі болып табылады.
Мелитта Якаб – Алматыда ДДСҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі географиялық қашықтықтағы кеңсесінің басшысы. Доктор Якаб 20 жылдан астам уақыт бойы денсаулық сақтау жүйесін нығайту, қаржыландыру және жаһандық денсаулық бойынша зерттеулер жүргізіп келеді.
Конференцияға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуы жоспарлануда. Конференцияда академик Төрегелді Шарманов та баяндама жасайтын болады.
ҚазҰМУ – бұл еліміздің дәрігерлерді дайындаудағы үздік альма-матері. Өзінің 90 жылдық бай тарихында университеттен 100 мыңға жуық дәрігер түлеп шықты. Еліміздің әрбір үшінші медицина қызметкері біздің университеттің түлегі болып табылады.
ҚазҰМУ тек жетекші медициналық университет қана емес, сонымен қатар Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарын біріктіретін ғылыми орталық болып табылады. Бүгінгі таңда университет қазақстандық білім беру рейтингтерінде жетекші орында.
Медицина мамандарының ұстаханасына айналған ҚазҰМУ-да бүгінде 10 мыңға жуық студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар мен PhD докторанттары білім алады. Олардың арасында 19 елден келген 1200-ден астам шетелдік студенттер бар. ҚазҰМУ түлектері әлемнің 17 елінде жұмыс істейді. Университетте 7 мектеп пен факультет бар.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Қазақстанның белгілі ғалым-педагогтары, ҚР Ұлттық Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медициналық ғылымдар академиясының, ҚР Профилактикалық медицина академиясының, Халықаралық акадамиялардың академиктері, еңбек сіңірген ғылым және білім қайраткерлері, еңбегі сіңген дәрігерлер мен фармацевтер қызмет етеді.