Еуропалық иммунизация апталығына орай «Вакцинация: Келісемін және Келіспеймін» атты университеттік дебат-конференция өтті
2025 жылдың 10-11 сәуірінде Алматы қаласында Еуропалық иммунизация апталығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының конференц-залында гибридті форматта ұйымдастырылды.
Конференцияның екінші күнінде (11 сәуір) жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының тәрбие жұмысы жоспары аясында «Вакцинация: Келісемін және Келіспеймін» атты дебат форматындағы университеттік конференция өтті.
Дебат ұйымдастырушылары:
-
Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканаты
-
«Жалпы медицина мектебі – 2»
-
Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы
-
ҚР ДСМ ҚДСҰО ШЖҚ РМК филиалы
Қатысушылар:
-
Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының ПОҚ
-
«Ересектер мен балалардың жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша 1 және 2 курс резиденттері
-
Деканат өкілдері
Модератор: ассистент Ботаспаева А.Р.
Әділқазылар алқасы:
-
Смағұл М. А. – ҚР ДСМ ҚДСҰО басқарма төрайымының орынбасары
-
Қуатбаева А. М. – филиал директоры
-
Құрманғалиева Ж. Ж. – ШОМ-2 бас маманы
-
Хабдин К. Е. – Дипломнан кейінгі факультет декан орынбасары
-
Салжанов Р. К. – 2-курс резиденті
Дебатқа қатысқан командалар:
-
VaxNational – вакцинацияны қолдайтын команда
-
VaxFree – вакцинацияға қарсы позицияны ұстанатын команда
Командалар келесі критерийлер бойынша бағаланды:
-
Таныстыру
-
Презентация сапасы
-
Капитандар сайысы
-
Дебат сұрақтарына жауаптар
Қатысушылар сонымен қатар флэшмоб және скетч қойылымдарын ұсынды.
Нәтижесінде, әділқазылардың шешімімен «VaxFree» командасы жеңіске жетті. Қорытынды сөз сөйлеген Смағұл М. А. жеңімпаздардың креативтілігін ерекше атап өтіп, барлық қатысушылардың жоғары деңгейде дайындалғанын және іс-шараның маңыздылығын ерекше атап өтті.
Онлайн көрсетілімде 12 000-нан астам қаралым тіркеліп, дебатқа қатысқан екі команданың да өнері көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.