«Жарылыстан көз ашпаған далам-ай» атты әдеби-танымдық кеш өтеді
11.05.2018 ж. сағат 1230-1330-да Семей ядролық полигонының зардаптары туралы «Жарылыстан көз ашпаған далам-ай» атты әдеби-танымдық кеш өтеді.
Кештің мақсаты – Семей өңірінде 40 жылдан астам уақыт бойы жасалған ядролық сынақтардың зардаптарымен бүгінгі ұрпақты таныс ету, Елбасымыздың ядролық қарудан бас тарту арқылы қазақ халқы үшін сіңірген еңбегін насихаттау, бейбітшілік пен татулықты бірінші орынға қойып отырған Қазақстан Республикасының саясатын қолдау.
Кештің өткізілетін орны: «Ғылыми кітапхана»
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасы, доцент Т.Қ.Зайсанбаев, аға оқытушы Қ.С.Бураханова, оқытушы А.С.Бураханова және кітапхана ұжымы.
Келем деушілерге есік ашық!