«Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл»: Микробиология, вирусология кафедрасында Қазақстанның даму жетістіктері талқыланды
Микробиология, вирусология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, эдвайзерлер және эдвайзерлік топ студенттерімен бірге Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі ретінде жариялаған «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласын талқылады. Талқылау барысында еліміздің соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, әсіресе денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалар, олардың қоғам дамуына ықпалы және алдағы кезеңдегі күтілетін нәтижелер жан-жақты қарастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар медициналық білім берудің сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу және болашақ медицина мамандарының кәсіби құзыреттілігін күшейту мәселелеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру, профилактикалық медицинаны дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы мемлекеттік бастамалардың маңызы атап өтілді.
Эдвайзерлер студенттермен бірге мақалада көтерілген идеяларды талқылай отырып, жас мамандардың ел дамуына қосар үлесі, жауапкершілігі және ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыру мәселелеріне назар аударды. Студенттер өз пікірлерін білдіріп, қазіргі медицинаның дамуындағы жаңа мүмкіндіктер мен болашақтағы кәсіби бағыттары туралы ой бөлісті.
Аталған іс-шара білім мен ғылымды дамыту, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты:
3 ТМД – Сапалы денсаулық және әл-ауқат – халықтың денсаулығын нығайту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
4 ТМД – Сапалы білім – медициналық білім берудің сапасын көтеру, инновациялық білім беру технологияларын дамыту;
9 ТМД– Индустрия, инновация және инфрақұрылым – ғылым мен инновациялық зерттеулерді қолдау, заманауи ғылыми инфрақұрылымды дамыту;
17 ТМД – Тұрақты даму мақсаттары жолындағы серіктестік – білім беру мен ғылым саласында ынтымақтастықты нығайту.
Бұл талқылау студенттердің азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, елдегі реформалардың мәнін түсінуге және болашақ медицина мамандарының кәсіби әрі әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шаралардың бірі болды.








