Жастар арасында психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу
2018 жылдың 03 қазан күні Даңқ залында қала бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Университет білім алушыларымен қалалық мемлекеттік органдарының қызметкерлерімен жүздесуі болып өтті.
Кездесуге Алматы қаласы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел өкілі, полиция майоры Шманов Олжас Кайырбекович, Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бас маманы Шайлазым Айдос Касымұлы, Алмалы ауданының нарколог дәрігері Канаев Канат Кабылбекович, Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Ауезова Камшат Кулмурзиевна қатысты.
Жиынды стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Убайдилла Махамбетович Датхаев ашып, көтеріліп отырған мәселенің маңыздылығына тоқталып, қонақтарға сөз берді.
Келген қонақтар кездесудің мақсаты жастар мен жасөспірімдерді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау екеніне тоқталып, тақырып бойынша мәселелерді көтерді.
Алмалы ауданының нарколог дәрігері К.К. Канаев психобелсенді заттар түрлері мен олардың денсаулыққа тигізетін зияны және олармен күресу жолдарын қарастыру жайында сөз қозғады.
Білім алушыларға тақырып бойынша бейне ролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарына жауап берілді.
Бүгінгі кездесу жастарға қоршаған орта мен денсаулықтарын күтіп, терең білім алып, саналы азамат болуға ұмтылуға ой тастады.
Жастар саясаты басқармасы