«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХІ республикалық еңбек маусымының ашылуы
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХІ республикалық еңбек маусымының ашылуы.
2015 жылдың 21-23 маусым күндері Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі және Жасыл ел жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының ұйымдастыруымен Алматы облысы,Талғар ауданы,Ой-Қарағай шатқалы,Лесная сказка таулы-шипажай қонақ үйінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жасыл ел» бағдарламасының 10 жылдығына орай кезекті ХІ республикалық еңбек маусымының ашылуы салтанаты өткізілетін болатын.Бұл іс-шараға,Қазақстанның 14 облысы және Астана,Алматы қалаларының белсенді жастары қатысты.
Осыған орай,студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің қолдауымен,жалпы медицина факультеті студенттік үкіметі төрайымының орынбасары,1-курс студенті Солтанай Жәнібек қатысты.
Ашылу салтанатының басты қонақтары ретінде, ҚР БҒМ вице-министрі Т.О.Балықбаев, Нұр Отан халықтық-демократиялық партиясы Жас Отан жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.Е.Сыздықов, ҚР БҒМ Жастар ісі комитеті төрағасының орынбасары Е.Қ.Үйсімбаев, «Қазақстан жастары конгрессі» атқарушы директоры А.М.Сабитов және «Жасыл ел» республикалық штабының жетекшісі Р.М.Хамидуллин қатысты.
Іс-шара барысында белсенді жастар қонақтарға сұрақтарың қойып, пікір алмасып, болашақта жастардың еңбек жасақтарын дамытуға арналған «5 нақты қадам» жобасын талқылады.Солтанай Жәнібек қонақтармен сұхбаттасу барысында, университетімізде жастар еңбек жасақтары және денсаулық сақтау саласындағы жастар саясатының дамып жатқаның жеткізді.