Жедел медициналық жәрдем беру Кафедрасының құрылуына 20 жыл
ҚазММУ ғылыми кеңесі шешімі және ММБС-96 сәйкес №99 ректордың бұйрығымен 23 май 1997 жылы жедел медициналық жәрдем беру кафедрасы «Жедел медициналық жәрдем көмек» пәнін оқыту үшін ұйымдастырылған. Кафедраның клиникалық базалары Қалалық кардиологиялық орталығы, ҰОС емханасы және ЖМЖС №1, 2, 3,4, 6,7, 8,10 қосалқы бекеттер.
Кафедрада кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. жетекшілігімен 6 докторлық және 13 кандидаттық диссертация дайындалды, тікелей қатысуымен шұғыл медицинаның өзекті сұрақтары бойынша Халықаралық және Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мастер класстар, семинарлар өткізіледі.
Профессорлар, доценттер, ассистенттермен бірлесе отырып 1020 астам мақалалар, 758 тезистер әртүрлі басылымдарға басылып шықты. Мемлекеттік тілде «Жедел медициналық жәрдем» кітабы басылып шықты, 38 оқу-әдістемелік құралдар, оның ішінде 15 мемлекеттік тілде оқу үрдісіне қолданылуда.
1997-ден 2017 жыл аралығында кафедра қызметкерлерімен ҚР ДСМ бұйрығы бойынша ЖМЖБ курсы, дәрігер-интерндерге типтік бағдарламалар құрастырылған, сонымен қатар тәжірибелік машықтануға арналған көрнекі құралдар, муляждар, фантомдармен қамтамасыз етілген. 1998 жылы мамыр айында дәрігерлерге арналған біліктілігін жетілдіру циклы, 1999 жылы оқытушылар БЖФ ұйымдастырылған. 1998 жылдан бері студенттік «Эскулап» үйірмесі жұмыс жасайды. Онда кафедраның ПОҚ студенттермен ғылыми жұмысты тығыз жүргізеді. Көптеген Польша, Германия, Литва, Венгрия елдерінде ғылыми конференцияларында жүлделі орын алған. Кафедра ПОҚ ҚР көптеген аймақтарында (Орал, Тараз, Шымкент, Қызыл-орда) шығу циклдарын ұйымдастырып, ЖМЖБ 1200 астам қызметкерлері оқудан өткен. Кафедра қызметкерлерімен базалық мекемелерде емдеу-ақыл кеңес жұмыстары жүргізіледі және көптеген ішкі аудит, емдік бақылау комиссиясында мүше.Кафедраның профессорлы-оқытушылық құрамы Денсаулық сақтау үздігі, білім беру саласының құрмет қызметкерлері, ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін, ҚР президенті және ғылым-білім министрі алғыс хаттарымен, алтын дәрігер, жыл дәрігері, Еңбек қайраткері құрмет белгілерімен марапатталған.
Кафедрының ұйымдастырылуынан бері кафедра меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Тұрланов Қуаныш Мезамғалиұлы.
Білім үрдісі сапасын жетілдіріп дамыту ММБС, біліктілік жетілдірудің типтік бағдарламасын құрастыруда аса мол үлес қосқан. Пульмонология, кардиология, гериатрия, жедел медициналық жәрдем, ішкі аурулар саласының жетік маманы. 6 докторлық және 13 кандидаттық диссертация дайындаған. 450 астам ғылыми жұмыс басылып шыққан. «Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздегі», «Білім беру саласының құрмет қызметкерлері», «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін», ҚР президенті және ғылым-білім министрі алғыс хаттары, 2005 жылы жыл дәрігері, ҚазҰМУ алтын стетоскоппен, Еңбек қайраткері, Алтын дәрігер құрметтерімен марапатталған.