Жемқорлыққа жол жоқ
Дөңгелек үстел тақырыбы: “Жемқорлыққа жол жоқ”
Гистология кафедрасы
2019 жылдың 21 ақпанында №226 оқу бөлмесі және 22 ақпанда №3 аудиторияда «Жемқорлыққа – жол жоқ» атты дөңгелек үстел болып өтті. Маңызды іс-шараны өткізу кафедраның тәрбие ісі жөніндегі жауапты аға куратор Р.С.Омарова және кафедраның 2-ші курс тәлімгерлері: И.А.Мырзаханова, З.Д.Бекен, Т.Т.Оразакиева, А.К.Жанбырбаева, 1-курс тәлімгерлері Т.Ф.Кругликовская, З.Н.Джангельдина, Ф.Д.Алсеитова, А.Р. Есполаева қатысуымен және ЖМ17-07 қ., ЖМ17-08 қ., ЖМ17 -09қ., ЖМ17-10қ., ЖМ17-11 қ., ЖМ17-012 қ., ЖМ17-013 қ., ЖМ17-014 қ. топ студенттері және 1-курс ЖМ18-027о., ЖМ18-028 о., ЖМ18-029 о. топ студенттерінің тарапынан қолдау тапты. Ол жемқорлықтың маңызды сұрақтарына, мемлекеттік жемқорлыққа қарсы саясаттың басты бағыттарына және елде, соның ішінде оқу орындарындағы жемқорлықпен күресті жетілдіру жолдарына арналды.
ЖМ17-007қ. топ студенттері «Жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбындағы қызықты баяндамасында Қазақстан Республикасындағы жемқорлық жағдайы мен оған қарсы күрес нәтижелері келтірілді.
ЖМ17-008 қ. тобының студенттері «Жемқорлықтың мәселесінің қазіргі жағдайы» баяндамасында ҚР жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың мазмұны ашылып, осы бағытта жетістікке жеткен елдердің мысалы келтірілген.
Студенттер университетте жасалған мүмкіндіктерді қолдана отырып, жемқорлыққа белсенді түрде қарсы тұруға атсалысуға шақырылды. Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Кафедра меңгерушісі, доцент М.Ж.Ергазина жемқорлықтың мемлекет негіздерін, құқықтық тәртіпті және моральдық-этикалық нормаларды бұзатын келеңсіз әлеуметтік құбылыс екендігін атап өтті.
Құрметті студенттер әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.