Жоғары Студенттік Кеңестің бірінші кеңесі өткізілді
2016 жылдың 22 желтоқсаны күні консультациялық-кеңесші, атқарушы орган болып табылатын Жоғары Студенттік Кеңестің бірінші кеңесі өткізілді.Кеңеске ҚазҰМУ тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар мен халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі проректоры Жумашева Р.Т және Студененттермен жұмыс жөніндегі басқарманың қызметкерлері, Университеттің студенттік үкіметінің мүшелері қатысты.
Жоғары Cтуденттік Кеңестің құрамынаҚазҰМУ студенттік ұйымдардың барлық төрағалары кірді. Жоғары Студенттік Кеңес қызметінің мақсаты студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын және олардың университетті корпоративті басқаруға белсенді қатысуын дамыту. Академиялық сұрақтар бойынша сөз қозғалған алқалы кеңесте студенттердің әлеуметтік жағдайы да қаралды.
Студенттік ұйымдардың төрағалары 2016 жылдың ІІ-жартыжылдығында атқарылған жұмыстарына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар Жоғары Студенттік Кеңес жұмысының регламенті бекітілді.