Жоғарғы курс студенттерінің «Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі» атты пәндік олимпиадасы
Жоғарғы курс студенттерінің «Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі» атты пәндік олимпиадасы.
14 қазанда нутрициология кафедрасы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Аренасында» университеттің және академик Т.Ш.Шармановтың 85-жылдық, нутрициология кафедрасының 20-жылдық мерейтойына орай «Салауатты тамақтану-ұлт саулығының негізі» атты пәндік олимпиаданы өткізді.
Олимпиадаға «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 4 курс студенттерінен 3 команда:«H2O», «Essential», «Денсаулық хабаршысы» қатысты.
Әділқазылар алқасына ректордың кеңесшісі Мұстафина Ж.Г., «Қоғамдық денсаулық сақтау» институтының деканы Бегадилова Т.С., нутрициология кафедрасының меңгерушісі Қайнарбаева М.С., тәрбие бөлімінің көркемдік жетекшісі Апсаттарова С.А., нутрициология кафедрасының аға оқытушысы Қожахметова А.Н. шақырылып, әрбір кезеңді әділ бағалады.
Олимпиада әр команданың сәлемдесуі мен жарнамасынан басталды, бұл сайыста студенттер тағамтану саласындағы негізгі құндылықтарды айқындайтын команданың миссиясымен таныстырды. Әділқазылар команданың атына сәйкес тапқырлықты, шығармашылықты саралады.
Сайыстың 2-ші туры «Салауатты тамақтануды насихаттау және зиянды тағами дағдылардан бас тарту» тақырыбында көрініс дайындау. Сайыс барысында тәжірибелік және коммуникативті дағдылары бағаланды. Барлық команда аталмыш турға ынта-жігерімен, актерлік шеберлігімен атсалысты.
Капитандар сайысында әр капитан өзінің білім деңгейін, тапқырлығын, көшбасшы қасиеттерін паш етті. «2014-2020 жылдарға ҚазҰМУ үш тілдік білім беру бағдарламасын дамытудың негізгі бағыттары» С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық білім беру моделіне сәйкес сұрақтар үш тілде дайындалды. Капитандар сұрақ қай тілде қойылса, жауапты сол тілде қайтарды.
Команданың теориялық білім бағалауға «Кім жылдам» сайысы септігін тигізді. Қатысушыларға өткен тақырып материалдарынан дайындалған ребустар таратылды, ал әділқазылар қысқа уақыттың ішінде дұрыс шешкен команданы жоғары бағалады.
Командадағы жауапкершілікті, ұйымшылдықты, белсенділікті және тәжірибелік дағдыны жетілдіруді қажет ететін келесі сайыс «Шебер-класс» болды. Конкурстың шарты бойынша әр команда 10 минут уақыттың ішінде негізгі жемістер топтамасынан астарды дайындау техникасын көрсету керек еді. Командалар жемістермен әртүрлі композициялар дайындап, өз шеберліктерімен айрықша көзге түсті. Тағы айта кететін жайт барлық қатысушылар тек асты дайындау техникасын ғана емес, сонымен бірге санитариялық ережелердің орындалуына да аса мән берді.
«Жанкүйерлер сайысында» өздерінің командасына қолдау көрсету үшін сайысқа жанкүйерлер әуенді тосынсыйларымен ортаға шықты.
Барлық сайыстың нәтижесі бойынша І орынды «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының орыс бөлімінің «Essential» командасы, ал ІІ орынды осы мамандықтың қазақ бөлімінің «Денсаулық хабаршысы» командасы, ІІІ орынды «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының орыс бөлімінің «H2O» командасы иеленді.
Студенттер жауын-шашынға және күннің салқындауына қарамастан, мерекелік атмосфераны дамытуға, жағымды да жарқын эмоцияларды алуға мүмкіндік жасады.