Жәрдемді жеделдету мақсатында ҚазҰМУ университеттік клиникаларды екі жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етті
Адамды күтпеген жерден инсульт, миокард инфарктісі, әртүрлі сынықтар, өте жоғары температура және тағы да басқа сырқатқа душар болуы мүмкін. Науқас өмір мен өлім арасында арпалысып, бәрі қасқағым сәтте шешіледі. Мұндай жағдайда жедел медициналық көмектің шұғыл келуі өте маңызды рөл атқаратыны белгілі. Осы уақытқа дейін Ақсай университеттік клиникасы мен Ішкі аурулар клиникасында жедел жәрдем көліктері тұрғысынан жағдай қарапайым болатын. Алайда, бұл жайт ағымдағы жылда түбегейлі өзгерді десе болады.
27 тамызда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті әр клиниға бір-бірден жаңа жедел жәрдем көлігін сыйлады.
Көліктің салоны кең, ол дәрігерге қызмет көрсету үшін қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жедел жәрдем көлігі жаңа жабдықтармен жабдықталған. Атап айтқанда, орнатылған электр сорғысы мен суға арналған күбіше, науқасты стационардың қабылдау бөліміне дейін көшіруге мүмкіндік беретін арба-каталка. Барлық көлікте еуропалық стандарттарға сәйкес газ баллонды жабдық, сонымен бірге жүргізуші кабинасында бейнетіркеуіш, GPS-навигатор орнатылған.
ҚазҰМУ-дың атқарушы проректоры Максут Сенбековтың айтуынша, «университет университеттік клиникаларды жабдықтауға міндеттемелерді өзіне алды. Заманауи технологиялармен жабдықталған бұл көліктер ауруханалардың университет құрамына енгеннен бергі бес жылда алғаш рет сатып алынып отыр.
«Енді клиникалар Алматы қаласының тұрғындарына және ауру балаларға медициналық көмек көрсетудің барлық циклін көрсете алады. Бүгінгі қуанышты жайтпен Ақсай клиникасы мен Ішкі аурулар клиникасының басшылығын құттықтаймын және оларға жемісті еңбек тілеймін» — деп Сенбеков мырза өз тілегін білдірді.
«Бұл біздің медициналық мекемемізге ұсынылып отырған тамаша сыйлық болып отыр. Өйткені, клиникада ауыр науқастарды алып жүруге арналған жедел жәрдем көлігінің жоқтығы қиындық тудыратын» — деп Университеттік клиникалар бойынша басқарушы директор Есентай Тажиев атап өтті.
Оның айтуынша, аурухана қызметкерлері пациенттерді жарамсыз, ескірген көлікте тасымалдауға мәжбүр болған. Ол болса науқастар үшін өте қолайсыз.
«Клиниканың мұндай көліктерді өз бетімен сатып алуға мүмкіндігі болмады, бұл жерде университет қол ұшын беріп отыр. Осындай керемет сыйлыққа университет басшылығына үлкен рахмет айтамын. Енді балаларды ыңғайлы жағдайда тасымалдауға болады», — деп клиника жетекшісі өз қуанышымен бөлісті.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі