Интернатура және резидентура деканаты білім алушыларымен оқу жылы басындағы кезекті кездесуі
2019 жылы 11 қыркүйекте интернатура және резидентура деканаты білім алушыларымен Конкордия театрында жыл басындағы кезекті кездесуін өткізді. Кездесуге провост Витенис Калибатас және корпоративтік даму бойынша проректор У.Датхаев қатысып, университет әкімшілігінің жаңа оқу жылындағы алға қойған міндеттері туралы тоқталып өтті, білім алушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап береді.
Жаңа оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру туралы факультет деканы З.Жанкалова баяндама жасады. Факультет деканы баяндамасында университеттің Академиялық саясаты, Академиялық адалдық кодексі, университеттің жемқорлыққа қарсы стратегия және университетте оқу үдерісін ұйымдастыру ережесімен білім алушыларды таныстырды. Кездесу барысында декан және деканат қызметкерлері білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.