Кеңес Одағының батыры, әйгілі әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының келіні, қоғам қайраткері, қаламгер жазушы Зейнеп Ахметовамен «Ұлт руханиятын сақтау бабалар аманаты» атты кездесу кеші өтеді
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Concordia» театрында 2022 жылдың 28 қыркүйегі күні, сағат 15.00-де Кеңес Одағының батыры, әйгілі әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының келіні, қоғам қайраткері, қаламгер жазушы Зейнеп Ахметовамен «Ұлт руханиятын сақтау бабалар аманаты» атты кездесу кеші өтеді. Зейнеп апамыз ақиқат пен шынайылықтың жаршысы, халқымыздың маңдайына біткен батыр ұлы Бауыржан Момышұлының қазақ халқының мол мәдени-рухани мұрасы, әдет-ғұрпы жайлы айтқан баға жетпес әңгімелерін, қаншама жылдар бойы жинақтаған мұрағатын өз кітабына арқау етіп, оқырмандарға ұсынған қаламгер жазушы. Бауыржан Момышұлының «Әр ұлт өзіне-өзі ұқсағаны жақсы» деген сөзінен-ақ, халқымыздың мәдени мұрасының баға жетпес құндылығын аңғарып, өзінің даралығын сол құндылықтардан табатынын айтқан болатын. Бүгінде біз қайта соған оралып, рухани дүниемізді түгендеп, даралығымызды іздеп, архив қойнауында жатқан мол мұрағатымызды қайта тірілтудеміз.
Құрметті ҚазҰМУ ұжымы және студенттері! Сіздерді 28 қыркүйек күні болатын қоғам қайраткері, қаламгер жазушы Зейнеп Ахметовамен болатын кездесу кешіне шақырамыз.