Кураторлар кеңесінің отырысы өтті
2026 жылғы 2 сәуірде университетте Кураторлар кеңесінің кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жиын барысында білім алушылардың тәрбие жұмыстары мен оқу үдерісінен тыс іс-шараларға қатысуын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес, бірінші кезекте тәрбие және сабақтан тыс жұмыс жоспары аясында өткізілетін іс-шараларға студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету жолдары талқыланды. Қатысушылар студенттердің қызығушылығын арттыру және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын күшейту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, «Наурызнама» мерекелік іс-шараларын ұйымдастыру мәселесі кеңінен қарастырылып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бастамаларды жетілдіру ұсынылды.
Отырыс барысында «Денсаулық күніне» арналған спорттық іс-шараларды өткізу жоспары да талқыланды. Бұл бағытта студенттердің салауатты өмір салтын ұстануын қолдау негізгі басымдықтардың бірі ретінде белгіленді.
Кеңес мүшелері 2026–2027 оқу жылындағы Университет Тәлімгерлер Кеңесінің жұмысын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды. Тәлімгерлік институттың тиімділігін арттыру және оның мазмұнын жаңарту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.
Сондай-ақ, «Жылдың үздік тәлімгері» және «Үздік академиялық топ» байқауларын ұйымдастыру тәртібі қарастырылып, олардың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Жиын қорытындысы бойынша жаңа 2026–2027 оқу жылына тәлімгерлер мен эдвайзерлерді ынталандыруға ұсынылатын үміткерлер тізімі бекітілді.
Отырыстың соңында әртүрлі ағымдағы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.





