Кітапханаға сый
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасы кезекті рет Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылыми кітапханасына білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік құралдарды сыйға тартты. Ағылшын тілінде жарық көрген «Neurology: topical diagnosis» атты кітаптың 100 данасы ХМФ студенттері мен интерндеріне, сондай-ақ неврология бейіні бойынша резиденттерге пайдалануға берілді. Аталған оқу құралы жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлері: Туруспекова С.Т., Нургужаев Е.С., Атантаева Э.Б., Альмаханова К.К., Цой Р.Т. тарапынан дайындалған.
Авторлар 2025 жылғы қазан айында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-нан меншік құқығы туралы куәлік алды. 2024 жылғы желтоқсан айында «Денсаулық сақтау» кадрларды даярлау бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі грифі «Астана медицина университеті» КЕАҚ базасында берілді. Бұл шешім ҚР ДСМ-нің «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №486 оң қорытындысы негізінде қабылданды.
2023 жылдан бастап кафедра қызметкерлері кітапханаға орыс тіліндегі оқу-әдістемелік әдебиеттерді сыйға тартты: Туруспекова С.Т., Нургужаев Е.С., Нуржанова Р.Б., Митрохин Д.А. авторлығымен «Жалпы неврология» оқу-әдістемелік құралының 100 данасы; Атантаева Э.Б. авторлығымен «Неврологиядағы топикалық диагностиканың негіздері» атты оқу құралының 100 данасы; сондай-ақ Туруспекова С.Т., Атантаева Э.Б., Нурмухамбетова Б.Р. авторлығымен «Бас-ми жүйкелерінің он екі жұбы» атты әдістемелік ұсынымдардың 100 данасы.
Аталған жұмыстардың барлығы ҚР ДСМ-нің «Салидат Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-нан оң қорытынды алған. Оқу құралдары ҚазҰМУ-дан Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі грифіне ие. Авторлар «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-нан авторлық куәлік алды.
Кафедра осы жұмыстарды жүзеге асыру үдерісіне қатысқан ҚазҰМУ-дың барлық құрылымдық бөлімшелеріне алғыс білдіреді: ЖММ-2-1 және ХМФ КОП-ына, Академиялық кеңеске, ЖММ-2 және ХМФ деканаттарына, ФПМ ҒЗИ-ына, ҚазҰМУ терминологиялық комиссиясына, ҚазҰМУ баспаханасына, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігіне, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттерді бекіту мен басып шығару кезеңдерінің барлық сатыларында қолдау көрсеткен ҚазҰМУ Әкімшілігіне. Оқу құралдары мен әдістемелік ұсынымдар ҚазҰМУ баспаханасында басылып шығарылды. Бұл – бүкіл университеттің бірлескен және ортақ еңбегінің нәтижесі.
Жүйке аурулары кафедрасы білім беру үдерісін жетілдіру, медицина ғылымы мен клиникалық практиканың жаңа жетістіктерін ескере отырып, оқытудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында барлық деңгейдегі білім алушыларды үш тілде жаңа оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын белсенді түрде жалғастыруда.





